Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полиция қызметкері көпбалалы ананың баспана ақысын төлеп берді

Қостанайда полицей үш баласы бар жалғыз басты әйелдің пәтер ақысын төлеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

полиция

Учаскелік инспектор Оңайбек Оразақов түскен хабар бойынша барған. Қостанай қалалық ІІБ солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Узкоколейная көшесінің бойында көршілер төбелескені туралы хабарланған. Бұл мекенжайда кәмелетке толмаған үш баласы бар әйел тұрған. Тұратын жер болмағандықтан, ол танысының үйін паналауға мәжбүр болыпты.

"Баласы бар әйелді көргенде, шет қала алмадым. Үлкен баласы небәрі 4 жаста, ал ең кішісі алты айлық. Мен ең алдымен баспанамен көмектесуді жөн көрдім. Жатақханадан бөлме жалға алып берді", – деді Оңайбек Оразақов.

Сондай-ақ полиция қызметкері қажеті тауарларды сатып алып берген. Жалғыз басты анаға қала тұрғындары мен мейірімді жандар да көмек көрсетіпті. 

"Әйел жәрдемақы алады. Бірақ белгісіз себептермен осы айда ақша түспеген. Бұдан кейін БЖЗҚ-ға өтініш қалдырып, құжаттармен көмектестім", – деп қосты полицей.

Көпбалалы ана учаскелік полицейге қиын кезеңде көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

Талқылау