Қостанайда қонақ үй өртеніп, бір әйел қаза тапты
2023 жылдың 30 желтоқсанында Қостанай қаласының Дружба ауылында екі қабатты "Жібек жолы" қонақ үйі өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт туралы хабар бүгін сағат 11:00-де түскен.
"Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабатын шарпыды. Өртті сөндіру кезінде әйелдің мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, өрттің туындау себептері тексеріледі", - деді ТЖД.
Ведомствоның мәліметінше, өрт 13:18-де сөндірілді. Өрт сөндіру жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен 13 техника, полиция департаментінің қызметкерлері және төрт техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен техника бірлігі жұмылдырылған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"