AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды (видео)

Қостанай облысында үш тәулік бойы іздеуде болған 5 жасар Мадинаның денесі табылды. Ол жасанды су қоймасынан табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 жасар Мәдина Ерланқызы суға батып кеткен. 

Ведомствоның хабарлауынша, баланың денесі жасанды су қоймасынан, дронның көмегімен табылған. Қыздың денесін полицей Самат Ешанов пен ерікті Дамир Бектұрған тапқан. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Іздеу жұмыстарына еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері атсалысты. 

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі ұарап қалған. Олар таңертең оянғанда кіші қыз үйде жоқ екенін байқаған

Полиция қызметкерлері бала жоғалған күннің хронологиясын жасады.

Кинология қызметі орталығының қызметкері Қайрат Бисембиннің айтуынша, бала үйінен таңертең 7-ге қарай шыққан –екінші қабаттағы асүйдің терезесінен шығып, газ құбыры арқылы тұрғын үйдің кіреберіс есігіндегі күнқағарға түскен, кейін күнқағардан ағашқа өрмелеген.

Сол уақытта ауладағы шуға елеңдеп, сыртқа шыққан көрші ер адам балаға ағаштан түсуге көмектескен. Ер адам оны пәтерге алып барған. Есікті қағып тұрған кезде қыз бала көшеге жүгіріп шығып кеткен.

Сағат 8:04-те бала видеобақылау камерасына түсіп қалған. Сондай-ақ балдырғанды ауыл тұрғыны көрген. Кейін қыз "Қостанай – Веденка" трассасы бағытына бет алған.

Сағат 8:06-да тағы бір адам оны Орталық көшеде көрген.

Сағат 8:24-те баланы ауылға қарай келе жатқан тракторшы байқаған.

Сағат 8:30-да оны сондай-ақ ауылға бет алған велосипедші көрген.

Іздестіру жұмыстары көрші Алтын дала кентінде де жүргізілді. Бұл кент жоғалған қыз тұратын ауылдан 9 км жерде орналасқан.

Полицейлерге бала соңғы рет жүгері алқабында болғаны туралы мәлімет түскен болатын. Алқапты полицейлер қоршауға алды, іздестіру жұмысына дрон мен тікұшақ пайдаланды. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр