Қостанай облысында Qnet қаржы пирамидасының басшысы алты жылға сотталды
Қостанай облысындағы Qnet қаржы пирамидасының басшысы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Myhrtoolkit.com
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы QNet халықаралық компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелген. Осылайша, 2017 жылдың тамызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқан.
Ресми түрде 94 адам зардап шегіп, 86 миллион теңге шығынға ұшырады.
"Компания өкілі" өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті. Сот әйелді бес жыл мерзімге қаржылық, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, яғни оған шағымдануға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі