Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар расында жоқ па? Біртанов жауабы
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қостанай облысындағы жағдай жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алғашында коронавирус жұқтырғандар елімізде анықталмаған кезде де маған осыған ұқсас сұрақтар келіп түскен еді. Көптеген азаматтар "Бізде коронавирус жоқ па?", "Бұл қалай болғаны" дене сияқты сұрақтар қойған еді. Қуанышқа орай, Қостанайдағы жағдай тұрақты. Бұл аймақта індетті жұқтырғандар тіркелген жоқ. Бұған таңқалудың қажеті жоқ. Карантин шараларының жақсы қырлары деген осы. Сондай-ақ Қостанай облысының дәрігерлерінің жұмысын атап кеткім келеді. Алдағы уақытта оларға жемісті еңбек тілеймін. Десек те егер бұл жаққа да коронавирус жетсе, қостанайлық медициналық дәрігерлердің індетпен күресуге дайын екендігіне бек сенімдімін", - деді Біртанов.
Жалғасы қалай болды?
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?