Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасын ерекше ықыласпен таныстырған журналистке көлік сыйлады
Қырғызстандық танымал тележүргізуші Айзада Жамгырчиева Көшпенділер ойындарында күтпеген сыйлыққа ие болды. Қазақстан құрамасын тулар шеруінде ерекше эмоциямен таныстырып, қолдау білдіргені үшін Қазақстанның көкпар федерациясы оған жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көліктің кілтін жүргізушіге Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров табыстады. Сыйлық көкпардан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде берілді.
Айзада Жамгырчиева кейін әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сыйлықтың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтып, әсерімен бөлісті.
"Мен үшін бұл жай ғана сыйлық емес. Қазақстанға деген қолдауымды байқап, бағалап, маған үлкен құрмет көрсеткенінің белгісі", – деді ол.
Жүргізуші бұл сәтті қазақ пен қырғыз арасындағы бауырластықтың тағы бір көрінісі деп бағалады.
"Осындай сәттер қырғыз бен қазақтың бауырластығы жай сөз емес екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Екі халықтың достығы нығая берсін! Қырғыз бен қазақ әрқашан бауыр!" – деді Айзада Жамгырчиева.
Бұған дейін Көшпенділер ойындарындағы тулар шеруінде Жамгырчиеваның Қазақстан құрамасын ерекше эмоциямен таныстырған видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді. Оның қазақстандық спортшыларға білдірген қолдауы желі қолданушыларының ықыласына бөленді.
https:
Қазақстанның өңірлері биыл қанша қарыз алды: Миллиардтар қайда жұмсалды?
