Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша бірінші орын алды

көшпенділер ойыны (1)
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, топтық есепте бірінші орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ойындар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегер атанды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.

Назархан Уән
Жексенбі, 06 Қыркүйек, 2026 19:25