Қосылған құн салығына қатысты өзгерістер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығына қатысты өзгерістердің 2026 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Серік Жұманғариннің айтуынша, заң нормасындағы өзгерістер шілде айына дейін парламенттің мақұлдауынан өтуі керек.
"Бәрі дұрыс болса, шілде айына дейін парламенттен шығып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі. Ал салық кезеңі келесі жылдың наурыз айында басталады", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Амрин Қазақстанда жаңа салық кодексіне сәйкес қай салалар қосылған құн салығынан босатылатынын айтып берген еді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"