Коронавирустың жаңа штаммын ПТР тест анықтай алмайды: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде коронавирустың басқа штаммдарын анықтау қалай жүргізілетіні туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ПТР тестілеуінде көрсетілмейтін коронавирустың жаңа мутацияланған түрі басқа мемлекеттерде тарала бастады. Осы мәселеге қатысты журналистердің сұрағына жауап берген Байтанаев қазіргі таңда барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Біз геномдық тестілеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл ПТР тестілеу негізінде ғана емес, басқа да әдістерді қолдану арқылы талдау жасаудамыз. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер хабарлағандай, қазіргі таңда бізде коронавирустың басқа да штаммдары анықталған жоқ. Біз бұл шараларды болдырмау үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз", - дейді Байтанаев.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді