Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың штамдарын анықтайтын ПТР-тест жасап шығарылды

Ұлыбританияда коронавирустың штамдарын анықтайтын ПТР тест пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігігі.

птр тест

Medrxiv зерттеуі авторлары жұтқыншақтан алынған коронавирус немесе SARS-CoV-2-нің әртүрлі нұсқаларын дәл анықтауға көмектесетін сандық полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісін ойлап тапты.

Оның ерекшелігі, ол вирустың түрін дәл сол уақытта, тіпті вирустық РНҚ деңгейі төмен нұсқалардан да анықтауға қауқарлы.

Британдық зерттеушілер жаңа әдісті “аллель арнайы зондты ПТР” деп атады. Оның көмегімен вирус жұқтырған адамдардың 1000-ға жуық үлгісі тексерілді. Сынақтар COVID-19-дың альфа және гамма нұсқаларына тән мутацияны көрсетті.


Қазақстандықтарды қайта вакциналау қалай жүргізіледі 


Ғалымдардың пікірінше, бұл әдістің тағы бір артықшылығы бар. Оны болашақта коронавирустың жаңа штамдарын анықтау мақсатында өзгертіп қолдануға болады.

Талқылау