Коронавирустың Латын Америкалық жаңа штаммы пайда болды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Латын Америкасынан табылған “Лямбда" атауын алған коронавирустың жаңа түрін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Синьхуаға” басылымына сілтеме жасап.

ДДҰ сарапшылары оның қарапайым вирусқа қарағанда жұқпалы екенін айтты. Мамандар вирустың бұл түрі адамның иммундық жүйесіне үлкен қауіп төндіретінін алға тартуда. Алайда әзірге бұл мәселе бойынша нақты қорытынды жоқ. “Лямбда” Латын Америкасында кең таралуда.
Коронавирустың мутацияға ұшыраған бұл түрі алғаш рет Перуде 2020 жылдың тамызында анықталды. Перу билігінің айтуынша, елде вирус жұқтырғандардың 81 пайызында “лямбда” вирусы анықталды.
Чилиде жаңа штамм соңғы 60 күнде тіркелген жағдайлардың 32 пайызында анықталды. Бұл штамм Бразилияда алғашқы таралған гамма-штаммынан кейінгі екінші орынды алып отыр. Басқа елдер, соның ішінде Аргентина мен Эквадор да жаңа штамның таралуы жоғарылағанын хабарлады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"