Коронавирустан емделіп шықты деп көрсетілген: Қазақстандықтар Egov-тағы қателікке шағымданды

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар Egov-тағы қателік жайлы жарыса жазуда. Сөздерінше, олар коронавируспен мүлдем ауырмаса да, электронды үкіметтің сайтында ауруханада ем алып шыққан деп көрсетілген. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Үкімет ковид туралы статистиканы қалай жасайды. Достар, egov.kz жеке кабинеттеріңізді тексеріңіздер. Кеше желіде біреу коронавируспен ауырмаса да, тест тапсырмаса да коронавируспен ауырған деген статус көрсетіп тұрғанын жазған болатын.  Әйелім екеуміз вакцина салдыру керек деп ойлап, egov жеке парақшамызға кірдік. Жеке парақшамызды ашқан кезде біздің де коронавируспен ауырып, ауруханада жатып шыққанымыз белгілі болды. Тіпті ауруханаға жатқызу және шығару сәйкестендіру нөмірі бар. Мен 28 қаңтар, әйелім 30 қаңтар ауруханаға жатқызылыпты. Бірақ олай болған жоқ, ешкім ауруханаға жатпады. Тек бір апта бұрын ПТР тапсырғанымыз рас. Бірақ коронавирус анықталмаған еді. 30 қаңтар күні ауруханадан біреу хабарласып, "әйеліңіз ауырып жатыр ма" деп сұрады. Мен ол кезде жалған ақпарат болады деп ойламаған едім", - деп жазды Евгений Мухаметжанов есімді қолданушы.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. 

"Бұл азамат Египеттен 24 қаңтарда ұшып келді және коронавирустық стационарға ковидті зерттеу үшін орналастырылды. Оған ПТР-тест жасалды, азаматтан коронавирус анықталмады, ол үйіне жіберілді. Бұл мәлімет денсаулық сақтау министрлігінен электронды үкіметке берілді", - дейді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр