Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған мұғалім 5 сағат бойы ұшақтың дәретханасында отырған

Коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен америкалық ұстаз Мариса Фотиео Чикагодан Рейкьявикке ұшатын ұшақтың дәретханасында бес сағат бойы отыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

20 желтоқсанда Исландияға ұшып бара жатқан Фотиео тамағының ауырғанын сезінді. Ол бірден жедел коронавирусты анықтайтын сынақ тапсырған. Дәретханада жасалған сынақ әйелдің вирус жұқтырғанын растады және американдық рейс аяқталғанша кабинадан шықпауға шешім қабылдады.

"Бұл ойламаған жерден орын алды. Ұшақта 150 адам болған, мен оларға коронавирус жұқтырудан қорықтым", – дейді ол.

Мұғалім желідегі парақшасына дәретханада оқшауланғаны туралы видео жариялады және ол төрт миллионнан астам көрілім жинаған.  Жарияланған кадрларда Фотиео бірден екі маскада айна алдында суретке түседі.



Ол өзіне көмектескен стюардессаға алғысын білдірді.  

"Осы бес сағат ішінде ол маған қажет нәрсенің барлығын әкеліп беріп, жағдайымды жасады. Ол маған тамақ пен сусын берді, үнемі хал-жағдайымды сұрап, бәрі жақсы болатынына сендірді", – дейді Фотиео.

Исландияға келгеннен кейін америкалық әйел Қызыл Крестке тиесілі қонақүйде оқшаулануға мәжбүр болды.

Талқылау