AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтар туралы қызықты мәліметтер

Кейбіреулер ұшақтар мен әуежайларды жақсы көреді, ал кейбіреулері, керісінше, ұшу деген ойдың өзінен қорқады. Сіздерге көліктің ең қауіпсіз түрі – ұшақтар туралы қызықты деректер ұсынамыз.

ұшақҰшу қауіпсіздігі ауаның ластануына әсер етеді. Ауаға көмірқышқыл газы неғұрлым көп шығарылса, турбуленттілік ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Бұл кейде ауыр салдарға апарып соқтыруы мүмкін.

Boeing 767 ұшағында шамамен 3 миллион бөлшек бар. Айта кетсек, ұшақтың бөлшектері әлемнің түкпір-түкпірінде жасалады: фюзеляждың бөліктері – Жапонияда, қанаттарының орталық бөліктері  – Оңтүстік Калифорнияда, қанаттары Италияда құрастырылады.

Ең алғашқы стюардесса 1930 жылы Эллен Черч болды. Бұл жақсы жарнама болды: ұшудан қорықпайтын жас қыздар (салмағы 52 кг-нан аспайтын) жолаушылар мен олардың туыстарына сенімділік беруі керек еді. Сондай-ақ алғашқы стюардессалардың медициналық білімі болды.

Кейбір ұшақтарда бортсеріктерге арналған құпия бөлме бар. Ұзақ рейстерде экипаж мүшелері 16 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Бортсеріктер сәл ұйықтап алуы үшін кейбір ұшақтарда кішкентай жатын бөлмелер болады.

Күн сайын АҚШ-та шамамен 2 миллион адам ұшады, олар 30 мың рейсті пайдаланады. Ең көп жұмыс істейтін әуежай да АҚШ-та орналасқан. Бұл  – Атлантадағы Хартсфилд-Джексон әуежайы, ол жылына 96 миллион жолаушыны тасымалдайды.

Неліктен ұшу және қону кезінде борттағы жарықты өшіріп, иллюминатордың перделерін көтеру керек? Ұшақ қараңғыда ұшып немесе қонуға бара жатқанда, бортта жарық сөнеді. Бұл шұғыл эвакуация жағдайында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің көздері қараңғылыққа үйренуі үшін жасалады. Осылайша сіз тезірек қозғала аласыз. Иллюминатордың перделері дәл сол себепті көтеріледі. Жолаушылар борт сыртындағы табиғи жарыққа үйренеді, ал стюардессалардың жағдайды бағалауға және қажет жағдайда эвакуацияны қай жағынан жүргізген дұрыс екенін түсінуге мүмкіндігі болады.

Оттегі маскасы 15 минут бойы тыныс алуға жарамды. Ұшақтың салонындағы қысым төмендеген кезде оттегі маскасын қолдану керек. Бірақ оның тек 15 минутқа арналғанын көп адам біле бермейді. Бұл әдетте ұшақтың төмендеуі үшін жеткілікті, онда жолаушылар маскасыз қалыпты дем ала алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр