Әйел автопилотпен келе жатқан көлігінде босанып қалды
Америкада Иран Шерри есімді әйел автопилотпен ауруханаға бара жатқан Tesla көлігінде босанды. Әйелдің сөзінше, толғағы кешке басталған. Алайда ол перзентханаға барудың орнына таңға дейін күте тұруға бел байлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Unilad басылымына сілтеме жасап.

Иран келесі күні электрокармен ауруханаға бара жатқан, бірақ кептеліске тап болыпты. Дәл осы сәтте Иранның толғағы қайта басталып, әйел көлікте босанбақшы болған.
Шерридің күйеуі жарына көмектесу үшін көліктің автопилот режимін қосып қойған. Ер адамның сөзінше, Tesla оларды ауруханаға дейін аман-есен жеткізген. Ол жерде Иран мен қызын дәрігерлер күтіп алды. Қыздарына Мейв Лили деген есім қойған.
Енді Иран Шерри мен күйеуі электрокармен жаңа жылдық саяхатқа шығуды жоспарлап отыр.
"Төтенше жағдайлар орын алмайды деп үміттенеміз", – деп әзілдеді ерлі-зайыптылар.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан