Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге ала беруге бола ма: Бекшин жауап берді
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салынса тұмаудың вакцинасын алуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз тұмауға қарсы вакциналауды үнемі өткіземіз. Қазір коронавирусқа қарсы да вакциналау жүрігізіліп жатыр. Екі вакцина арасында 2-4 апта интервал сақтаулуға тиіс. Демек, егер адам коронавирусқа қарсы вакцина алған болса, тұмауға қарсы екпені тек екі аптадан астам уақыттан кейін салғызуына болады. Әрине, өзін жақсы сезінсе, еш жері ауырмаса", – деді Бекшин.
Сонымен қатар ол неге екі вакцинаны да алу қажет екенін түсіндірді.
"Бір мезетте коронавируспен де, тұмаумен де сырқаттанып қалған жағдайда ағзаға ауырлық түседі. Оны екінің бірі жеңе алмайды, әсіресе жасы 65-тен асқан созылмалы аурулары бар адамдарға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан екі екпені де алған дұрыс", – деді ол.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"