Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Коронавирус өтірік әңгіме" деп мәлімдеген Нұрлан Еспанов өз сөзін түсіндіріп берді

Әнші Нұрлан Еспанов короноавирусқа қарсы ойын айтам деп оңбай сынның астында қалған еді. Енді әнші өзінің не айтпақ болғанын түсіндірді. 

Тесіктер жерде қалмайды

Нұрлан Еспановтың коронавирус жайлы айтқан видеосы желіде тарады. Онда әнші "короновирус жоқ, ол қолдан жасалған дүние. Даурығудың керегі жоқ. Шетелдегі достарым да бәрінің тыныш екенін айтты. Ешкім маска тағып жүрген жоқ. Сондықтан азық-түлікті таласа алудың керегі жоқ. Вирус тамаққа, ұнға жұқпайды ғой. Кейін де алуға болады", - деді.

Бұған блогер Бақытжан Бұқарбаев пікір білдіріп, әншіні жазалау керектігін айтты. Желі қолданушылары да әншіні айыптап жатты. Енді бірі әркімнің жеке пікірі бар деп жазды. 

"Бұл видеода менің айтайын дегенім, елді дүрліктірмеу еді. Ол бұрын түсірілген видео. Ол кезде елімізді коронавирус кең тарамай тұрған. Менің әйелім "Магнум" сауда орталығына барып, әрең азық-түлік алғанын айтты. Ел көп, кезектесіп, таласып, бәрін алғанын айтты. Бір досым үйіне 5 қап ұн алып қойыпты. Өзі 1 бөлмелі пәтерде тұрады. Ұнды кейін де алса болар еді ғой. Мен соның бәріне тоқтау салып, елді шошымасын, дүрлікпесін деген ниетпен айтқан едім", - деді әнші "Астарлы ақиқат" бағдарламасында. 

Талқылау