Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус Қазақстанға жетуі ғажап емес - ДСМ

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус Қазақстанға жетуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Біртанов: 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады

«Қазақстанда коронавирус болған жағдайда оны жасырып отыру мүмкін емес. Қазір елімізде коронавирус жоқ. Бірақ, ол Қазақстанға келмейді деп айта алмаймын. Оның себебі – тәуекелі өте жоғары. Біз елімізде осындай науқастар болса, инфекция таралса деп қажетті шараларды дайындап жатырмыз. Ол дайындық өте маңызды. Өздеріңізде көріп отырсыздар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, басқа да мемлекеттердің басшылары ең маңызды мәселе – алдын алу еккендігін айтып жатыр. Мәселен, бүгін Германия Үкіметінің басшысы елде эпидемия басталғандығын жариялады», - деп мәлімдеді Біртанов.

Министр қытайлық індеттің дүниежүзіне жылдам тарап кеткенін атап өтті. 

«Бұл инфекцияның ерекшелігі сонда. Бірақ, жұқтырған адамның барлығы өліп кетеді деу дұрыс емес. Оған сенбеңіздер. Жалпы, басқа да инфекциялық аурулар бізде жыл сайын болады. Қызылша, тырысқақ келеді. Мұндай жағдайда нақты шаралар санитарлық қызмет тарапынан қабылданады. Заңға сәйкес санитарлық қызметтің мұндай мүмкіншілігі бар. Санитарлық дәрігер айтқан кеңестерді қолдау керек. Сонда қауіпті жағдайды төмендетуге мүмкіндік болады. Үрей шақыратын, қорқатын ештеңесі жоқ. Бұл кәдімгі инфекциялық ауру. Көз жұмғандардың саны 100 адамның ішінде 3 пайыз ғана. Оның көбісі созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдар, иммуниетті төмен адамдар. Балаларымыз ауырып, қайтыс болады деген фейк ақпарат. Оған сенбеңіздер. Бүкіл қажетті ақпаратты беріп тұрамыз. Соны тыңдап, бақылауда ұстау қажет. Басқа тараған ақпаратқа сенбеңіздер», - деп қосты министр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда жылына 1500 жасөспірім қыз аборт жасататыны жайлы мәлімдеген еді. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

450 мыңға жуық қазақстандық 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш берген

Қазіргі таңда 60 мың қазақстандық белгіленген ақшаға қол жеткізіп үлгеріпті

Алматыдағы коронавирус жағдайы: Тағы 6 адам індеттен емделіп шықты

Алматыда короавирус жұқтырғандардың саны 109 болып отыр

"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды

Науқастың диабетпен ауырғандығы анықталыпты

Коронавирус пандемиясынан кейінгі адамзат өркениетінің жайы не болмақ?

Коронавирус індеті аяқталғаннан кейін өркениеттің болашағы жайлы үш болжам айтылды

Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтеді?

"Жастарға қалдырыңыздар": 90 жастағы кейуана жасанды тыныс алу аппаратына қосылудан бас тартып, артынша көз жұмды

Оның қызы анасының бұл існе еш таңқалмайтынын айтып отыр

Көз жұмған науқас - 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны: Түркістан облысында індет өмірін қиған науқас жайлы не белгілі?

Жалпы облыста коронавирус жұқтырған 23 азамат анықталыпты

Қазақстандық дәрігерлер коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарды

Бұл тест арқылы жұқпалы індетті 5-6 сағатта дәл анықтауға болады

Назарбаевтың денсаулығына қатысты таралған ақпарат жоққа шығарылды

Елбасының баспасөз хатшысы тұңғыш президенттің жағдайы жақсы екенін атап өтті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті

Індетті тағы 36 адам жұқтырғаны анықталып отыр
Çàãðóçêà...