Қорықшының өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды
Қорықшының өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews басылымына сілтеме жасап.
Инспектор Қаныш Нұртазиновты өлтірді деген күдікпен Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабар берген болатын.
"2019 жылдың 25 шілдесінде Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотының тергеу соты 1974 жылы туылған ер адамды ұстау туралы шешім шығарды. Сотқа дейінгі тергеу органдары оны қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыс жасады деп айыптаған. Санкция екі ай мерзімінде қолданыста болады", - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы Күләш Домалақова.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Ал браконьерлер қолынан жарақат алған екінші қорықшының жағдайы туралы дәрігерлер толық ақпарат берген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”