Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

Тоқаев Ақмола облысындағы қорықшыны қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысындағы инспекторларға жасалған шабуыл ісі ішкі істер министрінің бақылауында

Қазақстан президенті браконьерлердің шабуылына ұшыраған «Охотзоопром» инспекторларына мемлекеттік наградалар беру туралы жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазинов өлімінен кейін марапатталады.

"Өз міндетінде көрсетілген батылдық пен адалдық үшін:

І дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Нуртазинов Қаныш Серікұлын (қайтыс болғаннан кейін) марапаттауға;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Оспанов Самат Көшбергенұлын марапаттауға шешім қабылдаймын", - делінген мәтінде.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қайғылы оқиға 23 шілдеде Бірсуат ауылында болды. Ақмола облысында браконьерлер қолынан жараланған инспектордың бірі көз жұмды. Екінші жараланған инспектор ауруханада жатыр. 


Браконьерлер қолынан қаза болған инспектордың артында 5 баласы қалды
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген

"Үйленгенде тойыма шақырамын": Димаш Құдайберген қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады

Әли Әмір: "Димаш аға бізбен футбол ойнап, қуаныш пен бақытқа бөледі"

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр