Тосқауыл қою жоспары жарияланды: Ақмола облысында екі инспекторды атып кетті
23 шілде күні браконьерлердің қолынан жарақаттанған инспекторлардың біреуі ауруханаға түсіп қалды. Оның жағдайы нашар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Браконьерлердің соңына түсіп, оққа ұшып қалған инспекторлар жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды.
"23 шілде, сағат 11:00-дің шамасында "Охотзоопром" инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес тәртіптің бұзылмауын бақылау шарасының аясында Жарқайын аймағында ақбөкенге оқ атылғанын анықтаған. "Нива" көлігінің соңына түскен инспекторларға браконьерлер мылтықтан оқ жаудырған соң, екеуі жарақаттанған", — деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Қазіргі уақытта бір инспектордың жағдайы өте ауыр. Ол ауруханада есін жимай жатыр. Жарқайын ауданындағы ІІО күдіктілерге іздеу салып, тосқауыл қою жоспарын жариялады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен