Дәрігер браконьерлер қолынан жараланған екінші инспектордың жағдайын айтты
Браконьерлер жарақаттаған «Охотзоопром» инспекторының жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады.

Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Sputnik.
"Науқас қосымша тексерулерден өтеді, кеуде қуысының компьютерлік томографиясы және иық сүйегінің компьютерлік томографиясы жасалады. Науқас травматология бөліміне күзеті бар мамандандырылған бөлімге жатқызылады", - деді бас аурухананың хирургия жөніндегі орынбасары Дмитрий Чайков .
23 шілдеде екі инспектор ақбөкенді атуға жол бермеу үшін браконьерлердің жолына тосқауыл болды. Қылмыскерлердің қолынан жараланған екі инспектордың бірі сол күні көз жұмды. Қаза болған инспектордың артында 5 баласы қалды.
Екінші инспектор кеудесінен жараланып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”