Корей кеспесін Қазақстанға әкелуге тыйым салынды
ҚР бас санитарлық дәрігері құрамында соя бар тамақ өнімдерін әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шараларды енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметінде айтылды.
"ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ҚР аумағына тез дайындалатын Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-ы, Пенгтэк-Си, Кенги-До, Оңтүстік Корея өндірісінің кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салу туралы қаулы шығарды", - делінген хабарламада.
Осылайша, өнім қауіпсіздігін бақылау шеңберінде комитет мамандары "Джин Рамен" атауы бар тез дайындалатын кеспеде дайындаушы орамада Рамен Ко Оттогын көрсеткен ассортиментте норма 0,9 пайыз болған кезде генетикалық түрлендірілген соя желілерінің сандық құрамының (MON 89788 1,45 - 10,25 пайыз) асып түскенін анықтады.
- Диетолог пайдалы көкөністер қандай жағдайда улы тамаққа айналатынын айтты
- Інісін құтқару үшін: 12 жасар қыз күніне 3 келі кеспе жеуге мәжбүр
- Танымал түрік печеньелерінде мөлшерден тыс ГМО анықталды
Кеспе қаптамасында өнімдегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат болмағаны атап өтілді.
"Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9 пайыздан аспайды. Кодекс Алиментариус белгіленген талаптарға, оның ішінде халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес құрамында 0,9 пайыздан астам ГМО бар тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануға жатады. Бұл өнім мониторинг жүргізу барысында анықталды. Өнімдер Алматы қаласының сауда нысандарынан сатып алынды: ЖК "Алма", дүкен "Майбұлақ" және "Мила" ЖК Қалиева А. А. Бүгінгі таңда сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне меншік нысанына қарамастан, жоғарыда көрсетілген өнімді әкелу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету тапсырылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның тұтыну нарығын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарламалар жіберілді.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
