Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал түрік печеньелерінде мөлшерден тыс ГМО анықталды

Алматылық дәрігерлер корейлік кеспе мен түрік печеньесінің қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық сараптама орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар өнімдердің құрамынан өте көп мөлшерде ГМО бар екенін анықтады.

"Джин Рамен" кеспесінің үш үлгісінде және Butter Coоkies Danish Pride печеньесінің бір үлгісінде ГМО концентрациясының жоғарылағаны хабарланды. Өнімдер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме базарларында сатылған. Олардың қауіпсіздігін растайтын құжат жоқ екені белгілі болды.

Үлгілер Ұлттық сараптама орталығының Алматы зертханасында зерттелді.

"Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі генетикалық түрлендірілген сояның мөлшері рұқсат етілгеннен 1,4-тен 10,25 пайызға дейін, печеньеде - 47,75 пайыздан жоғары. Сонымен қатар өндірушілердің этикеткаларында осы өнімдердегі генетикалық түрлендірілген ингредиенттердің мазмұны туралы ақпарат жоқ", - дейді сараптама орталығы.

Айта кету керек, тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес 0,9 пайыздан аспайды.

Қазір тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы бөлшек сауда желісінде сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оларды сатудан алып тастау бойынша шаралар қабылдауда.

"Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдердің өсуінің тоқтауын, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ, сапасыз өнім анықталған жағдайда, қазақстандықтар тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі бойынша аумақтық департаменттерге жүгіне алатынын хабарлаймыз", - деп толықтырды олар.

Талқылау