Әліби Ыдырыс UFC-де алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр
Фото: NAIZA
Naiza FC ұйымының бұрынғы чемпионы, қазақстандық спортшы Алиби Идрис жақын уақытта UFC додасында алғашқы кездесуін өткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзірге қазақстандық спортшының қарсыласының есімі құпия сақталып отыр.
UFC басшылығы қос тарапқа жекпе-жекке қатысты ешқандай мәлімет таратпау жөнінде ескерту жасағаны белгілі болды.
Айта кетейік, Әліби Ыдырыс — UFC ұйымдастырған The Ultimate Fighter реалити-жобасына қатысқан алғашқы қазақстандық файтер. Шоу барысында ол Өзбекстан өкілі Фурхатбек Екубовты жеңіп, жартылай финалға жолдама алған.
Ал соңғы рет ол 2024 жылдың мамыр айында октагонға шығып, бразилиялық Эдильсон Сантушты айқын басымдықпен ұтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

