Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал блогер Әден Марғұлан ұлды болды

Әден Марғұлан ұлымен
Фото: Instagram.com/aden_margulan/

Танымал қазақстандық блогер Әден Марғұлан ұлды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Ол жазбасында ұлына қандай есім қойғанын да жария етті.

Аллаға шүкір, тағы ұлды болдым! Қош келдің, Руслан Зейін Марғұланұлы!” – деп жазды ол.

Оның айтуынша, келіншегінің жағдайы жақсы.

“Аллаға шүкір, келіншегім аман-есен жеңіл босанды. Алладан бәрін әрбір бөлшегіне дейін сұрау керек екеніне тағы көзіміз жетті”, – деп жазды ол.

Әден Марғұланды оның оқырмандары мен әріптестері жарыса құттықтап жатыр. Ақ тілегін білдіргендердің арасында әнші Ерке Есмахан, Сабиркин, Жансерік Қадырбаев және өзгелері бар.

“Бауы берік болсын. Тіл-көзден аман жүріңдер”, “Аман болсын Марғұланның ұлдары”, “Мықты азамат болсын”, “Құтты болсын, бауырым”, – деп жазған олар.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогер Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағаны хабарланған еді. Ол сүйіктісімен 2023 жылы шаңырақ көтерді, бүгінде олар екі ұл тәрбиелеп отыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026 12:10