Тоқаев балаларды фастфуд пен тәттілер жарнамасынан қорғауды талап етті
Тоқаев балалардың фастфуд пен тәтті тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да әсері бар екенін айтты. Ол Үкіметке зиян тағамдардың жарнамасын шектеу мәселесін жан-жақты тексеруді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаевтың айтуынша, зиян тағамдарды бақылаусыз жарнамалау елдің еңбек әлеуетіне кері әсер етіп, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты арттырады.

“Дәрігерлердің бақылауына сәйкес, қазір қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар. Бұл көрсеткіш азаймай, керісінше өсіп келеді. Көптеген ел балаларға бағытталған, құрамында майы, қанты және тұзы көп тағамдардың жарнамасына тыйым салады немесе оны шектейді”, – деді ол.
Президент бұл саланы реттеу жан-жақты әрі байыпты тәсілді қажет ететінін айтты.
“Бұл мәселе оңай емес. Мұнда пікірталас тудыратын, медициналық және саяси тұрғыдан да күрделі әрі нәзік мәселелер бар. Дегенмен үкімет бұл мәселені ең алдымен балаларымыздың денсаулығын ескеріп, жан-жақты зерттеуі керек”, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев мектеп оқулықтарының бағдарламасын сынға алған еді. Ол Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетінде мұң мен қайғы тақырыбына тым көп мән берілетінін айтып, сынаған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар