“Үнемі қайғырып жүретін ұлт” бейнесінен арылайық: Тоқаев мектеп оқулықтарының бағдарламасын сынға алды
Президент Тоқаев Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетінде мұң мен қайғы тақырыбына тым көп мән берілетінін айтып, сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы елдегі мектеп оқулықтарының бағдарламасына көңілі толмайтынын айтты.

Тоқаев тарихи фактілер мен оқиғалар бұрмаланып көрсетілген оқу материалдарын қайта қарауды талап етті.
“Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате анықталды. Мұның салдары мектептегі білім сапасына айтарлықтай кері әсер етеді. Ойланып көріңіздерші: оқулықтарда 700-ден астам қате бар!”, — деді Тоқаев.
Тоқаев әдебиет пен мәдениетте мұң-шер тақырыбына шамадан тыс көңіл бөлінетінін де сынға алды.
Президент “үнемі қайғырып жүретін ұлт” бейнесінен арылу қажет екенін айтты. Оның пікірінше, мұң-шер жастарға жақын болмауы керек.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев беттен сүйіп амандасатындарды сынап тастаған еді. Президенттің айтуынша, адамдар мәдени түрде сәл жымиып амандасуы керек.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
