Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді
Қазақстан Құрылтайының алғашқы сессиясы 28 тамыз күні Астанада өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат мемлекет басшысының “Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы” Жарлығында айтылған. Құжатқа сәйкес, Құрылтайдың алғашқы сессиясы 2026 жылы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады.

Жарлық Конституцияның 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған. Құжатта Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының ресми қорытындысы жариялап, бес партия мандаттарды қалай бөлісетінін айтқан еді.
“Әділет” партиясы 145 депутаттық мандаттың 110-ына ие болмақ. Қалған партиялар арасында мандат төмендегідей бөлінеді:
- "Ауыл" – 10 мандат;
- Respublica – 9 мандат;
- "Ақ жол" – 8 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"