Соңғы жаңалықтар

"Көре алмайды": Тікелей эфирде Бауыржан Ибрагимовты көрермен қатты сынап тастады

Танымал әзілкеш, "Бауыржан-Шоу" әзіл-ысқақ театрының көркемдік жетекшісі Бауыржан Ибрагимовты тікелей эфирде көрермен қатты сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ниет" бағдарламасына сілтеп хабарлайды. 

Бауыржан Ибрагимов

"Арзан күлкі керек пе?" тақырыбында пікірталастырған әзілкешті тікелей эфирге қоңырау шалған көрермен жас өнерпаздарды қолдамайды деп айып тақты.

"Менің есімім Аружан болады. Қарағанды қаласынан қоңырау соғып тұрмын. Бауыржан ағама пікірімді білдірейін деп едім. Соңғы кездері сұхбаттарыңызды инстаграмнан байқап қалып жатырмын. Сіздің тарапыңыздан жастарға деген қолдау жоқ. Мысалы, Есен аға жастарды әрдайым қолдайды. Ал Бауыржан аға сұқбаттарында "Тұрсынбекті актер ретінде санамаймын", "басқасын да мойындамаймын" деген пікір айтады. Кезінде Бауыржан ағамыз сұранысқа ие болды. Ренжімесін, бірақ қазіргі таңда сұраныс азайған соң, көре алмаушылықпен осылай айта ма деп ойлаймын. Осы жағынан жастарды артқа тартады", - деп ішіндегісін бүкпесіз айтып тастаған Аружанға Ибрагимов былай деп жауап қайтарды. 

"Осы туралы (арзан күлкі туралы - ред.) тағы бір интервью бердім. Тағы да түсінбеушілік болып жатыр. Мен кәсіби деңгейде айтқанмын. Актер санамаймын дегенді қайта айтамын. КВН-нің бір баласын актер санамаймын. Олар өз орындарын біледі. Актер -  дипломы бар, ұстаздан тәлім алған маман. Образ жасайтын, драмалық костьюмен, гриммен жүретін адамдарды мен актер деймін. КВН-де ойнайтын балалардың талантына, шығып жүргеніне қарсылығым жоқ. Бірақ кәсіби деңгейде оларды актер санамаймын. Олар конфаранция, орындаушылар, тамаданың деңгейіндегі адамдар. Бірақ кәсіби актер емес", - деді шоумен. 

 

Талқылау
Пікір
зикен
03 Ақп, 20 жыл - 17:21

Мен де Бауыржанның айтқанын дұрыс деп есептеймін,неге десеңіз Бауыржан бүгінгі күннің жай халық  басындағы мәселені дөп басып,түбін түсіріп айтады.Ал Тұрсынбектің шоуында тек отбасындағы ыдыс -аяқ сылдыры,өзінің осы дәрежеге қалай жеткені жайлы,байлардың әйелдерінің бір күн бие,бір күн түйе мінездері,ұсақ сөзді,мағынасы өте төмен бағдарламалар.Сол дәрежедегі адамдар қол соғып у-шу болып жатады. Ал Қарағандылық жыртыс жыртушы,Бауыржан көре амайды дегені,ойлау қабілетінің төмендігі,сөз астарын түсінбеуі.Тұрсынбекке актер болу үшін қайда,ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние.Осы күнгі түсіріліп жатқан фильмдерді көрсең.қарның ашады,рөлдерді ойнап жүрген қыздардың түрі барлығы бірдей.Өйткені беттеріне жасатқан макияж,ауылда тұрса да,қалада тұрса да барлығынікі бірдей,сонда образ-кейіпкер деген қайда.Ауылдықтар ауыл адамы болу керек,мұрнына су жетпей жүрген ,қазіргі кездің нағыз шын міселесін көрсету деген мүлдем жоқ зат.Сол себепті Бауыржанға пікір айтарда өз ойыңды таразыға салып,содан кейін барып айт.

Тойбастар
03 Ақп, 20 жыл - 12:02

Бауыржан өте дұрыс айтады.Олар актер емес,деңгейлері тойдың тамаларынан ары аспайтын сайқымазақтар.Сахнаға шыққанда қалжың айтамыз деп айқайлай бергеннен басқа түгі жоқ...Өздері түсінбейді не айтып не қойып жатқанын...

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр