Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы жол апатынан аман қалған балуандардың қазіргі жағдайы қалай

Санитарлық авиация жол апатынан зардап шеккен палуан Шыңғысхан Мұхаметқалиевті Тараз қаласына жеткізеді. Бұл туралы Қордай аудандық орталық ауруханасында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Нұрдәулет Сауытбекті хирургияға ауыстырдым, сол жерден туыстары Алматыға алып кетті. Оның жағдайы жақсарды.

Шыңғысхан Мұхаметқалиев әлі бізде. Жағдайы ауыр болып қалады, бірақ оң динамика бар. Біз оны аппараттан (ӨЖЖ) ажыраттық, ол өздігінен дем алады. Ол комада жатыр, бірақ қабылдау кезінде кома терең болды, қазір - жеңіл дәрежеде. Бүгін біз оны Таразға ауыстыру үшін санавиацияны шақырамыз", - деді Қордай ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Марина Чаяхметова.

Еске сала кетейік, жол апаты 3 тамызда болған. Бес балуаннан тұратын топ  Алматы-Тараз трассасында апатқа ұшырады. Еркін күрес балуандары Жақсыбек Қарабалаев пен Байбазар Жанбота оқиға орнында қаза тапты. 4 тамызда халықаралық спорт шебері болған Ілияс Жұмай ауруханада көз жұмды.

Тағы екі балуан - Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев өмір үшін күресіп жатыр. Нұрдәулет Сауытбектің жағдайы орташа тұрақты деп бағаланды. Ол көптеген жарақат алды. Шыңғысхан Мұхаметқалиевте мидың церебральды ісінуі болды. Оның жағдайы өте ауыр болды, оған операция жасалды.

Талқылау