Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы оқиғаға байланысты ҚР-дың бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

2019 жылғы 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай төбелес орын алуна байланысты Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

прокуратура

Бүгінгі күні бірқатар қылмыстық істер тергелуде, олардың барысында барлық кінәлілерді анықтап, заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту үшін шаралар қамтамасыз етілетін болады. Дегенмен, жекелеген тұлғалар болған оқиғаларды бұрмалай отырып, ұлттық негіздегі құқыққа қарсы әрекеттерге шақыру арқылы көрінеу жалған ақпаратты қасақана таратып жатқан көрінеді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бейне- және аудиоматериалдарды орналастырудың жаңа фактілері, соның ішінде Қордай ауданындағы оқиғаларға байланысты емес және өңір мен елдегі ұлтаралық тұрақтылыққа қауіп төндіретіндер жүйелі түрде тіркелуде. Құқық қорғау органдары осындай арандатушылық жарияланымдардың авторларының жеке басын анықтады, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Солардың бірі Алматы қаласында 1990 және 1987 жылдары туылған екі азамат «Facebook» әлеуметтік желісінде зорлық-зомбылық жасауға шақырған. Оған қоса 2020 жылдың 9 ақпанында Тараз қаласының 1983 жылы туылған тұрғыны «WhatsApp» мессенджері арқылы осы тектес шақырулар таратқан.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі (азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еліміздің барлық тұрғындарынан менің үндеуіме көңіл аударуды сұраймын! Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген іс-әрекеттерге тыйым салады. Осы талапты бұзу ұлттық араздықты және алауыздықты қоздыру жөніндегі қасақана іс-әрекеттер (ҚК-тің 174-бабы), жаппай тәртiпсiздiкке не азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру (ҚК-тің 272-бабы) және көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК-тің 274-бабы) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған байланысты азаматтарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамын",  - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаев.

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиғалар бойынша тергеу барысы мен нәтижелері туралы шынайы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, ішкі істер және прокуратура органдарының ресми Интернет-ресурстарында орналастырылуда, қоғамға брифингтерде жеткізілуде. Құқық қорғау органдары кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кеседі және оларды болдырмау жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдайды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды

Қытайлық маман коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады

Дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты
Çàãðóçêà...