Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тестке кешігіп қалды: Алматыда 11-сынып оқушысы көпқабатты ғимараттан секіріп кетті

“Ақкент” тұрғын үй кешені аумағынан 17 жастағы алматылықтың жансыз денесі табылды. Бұл туралы Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Instagram-дағы zhest_kz тобында жарияланған суретте үйдің ауласында адамның мәйіті жатқаны және айналасы қоршауға алынғаны көрінеді.

“Алматы қаласының “Ақкент” шағын ауданында 17 жастағы алматылықтың мәйіті табылуы дерегі бойынша Алатау ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр”, — деп түсіндірді Әзірбек.

31 арнаның хабарлауынша, 17 жастағы оқушы сол күні тестілеуге кешігіп қалған. Сынағын сол күйі аяқтай алмапты. Ал бірнеше минуттан кейін, оның мүрдесі көпқабатты үйдің ауласынан табылған.

Бозбаланың денесі бірер күн бұрын “Ақкент” тұрғын-үй кешенінің ауласынан таңғы сағат 10 шамасында анықталды. Ол көпқаббатты үйдің үстінен секіріп, өмірімен қош айтысқан. Үй тұрғындары оны тауып алған кезде, бала қимылсыз жатыпты. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, бала бұл ауданда тұрмаған.

Жалынбек Жанботаның Қытайда дүниеге келгені анықталды. Өзінің студент ағасы бар, ал анасы көтерме сауда базарында жұмыс істейді. Білім бөліміндегілердің айтуынша, бала сабырлы, бірақ тұйық мінезді болатын. Сабақ үлгерімі орташа. Трагедия орын алған күні өзі тест тапсырған. Бейресми дерекке сүйенсек, ол емтиханға кіре алмаған. Алайда әкімшіліктегілер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, оқушы тестілеуге бір сағат кешігіп келген, соған қарамастан небәрі 15 минуттан кейін шығып кеткен. Мұғалімге тестілеуді аяқтағанын айтыпты.

“Одан кейін асханаға барып, шай ішті. Артынша киінді. Сынып жетекшісі оны тоқтатуға тырысқанымен, бала тыңдамай, сыныптан сыртқа ұшып шыққан”, – дейді Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің жетекшісі Серікжан Байгуттинов.

Лицейдегілер сол күні баланың көңілсіз екенін байқаған. Алайда жасөспірімді суицидке не итермелегенін ешкім білмейді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Балқашта бейәдеп смс хабарлама жіберген мүғалім сотталды

Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу

“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді

 

Талқылау