Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясы шахтерлер ереуілін заңсыз деп танып сотқа берді.

© AP Photo / David Goldman

“АрселорМиттал Теміртау шахтерлер ереуілінің заңсыздығы туралы сотқа арыз түсірді. Шағым кеше берілген. Істің қаралатын күні әлі бекітілген жоқ”, деп хабарлайды Абай аудандық соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Судья Гүлнар Марзалинова болады. Жауапкерлер: “Қорғау” көміршілер кәсіподағы, “Жақтау” металлургтер кәсіподағы және “АрселорМиттал Теміртау” компаниясында жұмыс істейтін бірнеше шахтер.

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ көмір департаменті төрт шахтасының 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойған. Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.

Тағы да оқыңыз:

Әкім түні бойы шахтада болған: Қарағанды облысында154 адам жер астынан шықты

Бауыржан Момышұлы: Мен де екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым

Жас жігіт бал ашып отырған әйелдің құмалағын теуіп, ұрсып тастады (видео)

Талқылау