AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы аналар баспанамен қамтылуы тиіс: Премьер-министрге өтініш жолданды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл премьер-министріне өтініш жолдады. Ол көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесін алға тартты.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінің мәліметінше, адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Алтын алқа», «Батыр ана» иегерлеріне мемлекеттен бірінші кезекте баспана беру мәселесін көтерді. «Мемлекеттік наградалар туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Заңының 36-бабына сәйкес, осы санаттағы аналар бірінше кезекті үй алуы тиіс.

«Осы санаттағы аналар «Тұрғын үй қатынастары» 1997 жылғы 16 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес, «көп балалы отбасы» санатына қосылды. Сондықтан олар үй кезегіне тұрғандар арасында бірінші кезекте үй алу құқығынан айырылды. Үкіметтің ұсынған жауабында біздің тиісті сұрату хатымыз бойынша Астана қ. прокуратурасы растаған құқықтық қайшылықтар тудырған мәселені шешу бойынша негізделген ұстаным жоқ», – делінген хатта.

«Алтын алқа» иегерелерінің құқықтық қайшылықтарға қатысты сотта шағымдары оң шешіліп жатыр.

Омбудсмен үндеу хатында «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар уәкілетті мемлекеттік органдарда мәселенің шешімін таба алмай, заңнамалық түрде бекітілген тұрғын үйге құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр екені алаңдатушылығын білдіріп отыр. Бұл Мемлекет басшысының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мен сот органдарындағы жүктемелікті азайту туралы тапсырмаларына қарама-қайшы болып тұр.

Ұлттық құқық қорғау мекемесі халықтың әлеуметтік осал топтарына  мемлекет есебінен берілетін баспана кезегіне бірінші кезекке қоюды заң бойынша енгізуді ұсынды.

Хатта сонымен қатар, тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды есепке тұрғызу туралы айтылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр