Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте алты баланы жалыннан аман алып қалған әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Шымкентте саяжайдағы жеке үй өртеніп, ата-ана қарауынсыз қалған алты баланы көпбалалы ана құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Түн ішінде үйден шыққан жалынды  көрші тұратын 27 жастағы келіншек Марина Гафарова байқап, балалардың бәрін өрттен аман алып шыққан. Тіпті көпбалалы ана өрт сөндірушілердің келуін күтпеген. 

"Үйдегі қоқысты көшеге алып шыққанмын. Он айлық баланың дауысын естимін. Шыңғырған, жылаған. Төбе жағынан қараймын. Түтін мен от шығып жатыр. Шығып қарасам 10 жасар бала 10 айлық баланы қолына ұстап тұр. Жағасынан ұстап, мына дарбазаға дейін алып келдім. Кейін қайта ішке кірдім жанып жатқан жерге. Оң жағымда газ баллон тұр. Түтін. 4 баланы алып шыға алмайтынымды түсініп тұрмын. Өзім де, бала-шаға да өледі. Ең бастысы айқайлаймын "Кім бар?" деп, 12 жасар бала біз бармыз дейді. "Терезенің алдына бар балаларды алып" деп, мына жаққа жүгірдім. Мына жақта шәйнек па бірдеңе тұрған. Сонымен терезені сындыруды бастаймын", – Шымкент қаласының тұрғыны Марина Гафарова. 

Әйел балаларды үйіне алып келген соң жылы сүт пен жылы су беріпті. Сөзінше, бүлдіршіндерді құтқаруды ойлағандықтан мүлде қорықпаған. 

Еске салайық, бұған дейін Шымкент тұрғыны өртеніп жатқан үйге кіріп, көрші алты баланы аман алып қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау