Конвейер сүзгісі тартып кеткен: Алматы облысындағы кәсіпорында жұмысшы әйел қаза тапты
Алматы облысындағы "Байсерке-Агро" ЖШС жұмысшы әйел конвейерге құлап, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Оқиға 3 желтоқсанда "Байсерке-Агро" ЖШС-нің жүгері сақтайтын қоймасында болған. Жұмыс істеп жатқан әйелді конвейер сүзгісі тартып кеткен. 42 жастағы жұмысшы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Әріптестері әйелдің денесін конвейерден өз бетінше алып шыққан.
Алматыда альпинист баннер орнатамын деп 12-қабаттан құлап кетті
Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"3 желтоқсанда "Байсерке Агро" ЖШС-де болған оқыс оқиғаның салдарынан кәсіпорынның 42 жастағы қызметкері алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жиналған материал тиісті тексеріс ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы қоймалардың бірінде жұмысшыны лифт басып қалғаны туралы жазған едік.