Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концертке бару үшін: Кішкентай қыз Ернар Айдарды көремін деп әкесінен ақша ұрлап алған

Кішкентай қыз Ернар Айдарды көремін деп әкесінен ақша ұрлап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдараламасына сілтеме жасап. 

Концертке бару үшін: Кішкентай қыз Ернар Айдарды көремін деп әкесінен ақша ұрлап алған

Танымал әншінің концертіне қатты барғысы келген кішкентай қыз, әкесінен ақша ұрлап алып, билет сатып алмақ болған. Бұл бейнежазба желіде кең таралып кетті. Ернар Айдардың шығармашылығын ерекше жақсы көретін бүлдіршіннің қылығы жұртты таңқалдырған болатын. Бұл туралы Ернар Айдардың өзі айтып берді. 

"Мен дұрыс емес дүние деп айта алмаймын. Ол қызды анасы видеоға түсіріп алып, бізге жіберді. Қарадым да, тамсандым. Бала ақшаны қандай мақсатта ұрлап тұр? Арақ үшін емес,темекі үшін емес, клуб үшін емес. Мен жаман адам емес шығармын. Ернар Айдардың ән кешіне билет алу үшін ұрлады", - дейді Ернар Айдар. 

Әнші кішкентай қыздың әрекетін ұрлыққа санамайтынын айтты. Ол өзінің балалық шағын есіне алып, өзін жақсы көретін қыздың кім екенін жеткізді. Концертіне гүл алып келген бүлдіршіннің қылығына сүйсінгенін айтты ол. 

"Бала күнінде алғанын ұрлыққа санамаймын. Ал есейіп, ес кірген кезде жасайтын болса, ұрлық деп айтуға болады. Өзіміз де кезінде қауын ұрлағанбыз. Ол Шымкенттің қызы, концертіме келді, гүлін беріп, қуанышын көрсетті. Фанат бола білудің өзі өнер сияқты", - дейді Ернар Айдар. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан

"Аллаһу акбар, астана біздікі": Қару-жарақтарын көрсеткен елордалық жігіттердің видеосы тарап кетті (видео)

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр

Құрғақшылық жайлауы мүмкін: Ғалымдар еліміз 10 жылдан кейін ауыз суға тапшы болатынын ескертті

Ғалымдар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған

Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты

Марқұмның ағасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

"Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама": Балғынбек Имашев бір әйелді "жетістіріп" алуға кеңес берді

Ақын: Айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ

"Мама, үйге қайтайықшы" деді: Ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың отбасы дәрігерлердің жазалануын талап етті

Марқұмның әжесі: Өз аяғымен барған қызды мәйітханадан алып кеттік

Өзге қызбен ұстап алды: Әйел көзіне шөп салған жігітінің үйін өртеп жіберді

Ол үйді өртеу үшін төрт көршісінен бензин сұрап алған

Мамандар құрманың зиянын атады

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Çàãðóçêà...