Bank RBK және Қазақстанның тұрғын үй компаниясы: Тұрғын үй құрылысын дамытудағы серіктестік

"Қазақстанның тұрғын үй компаниясы" АҚ ("Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) мен “Bank RBK” АҚ тұрғын үй кешендерін кешенді түрде салу жобаларын қаржыландыру жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бұл серіктестік отандық құрылыс компаниялары үшін жеңілдетілген несие алуға жол ашып, ауқымды тұрғын үй жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Әсіресе, шаһарды тұтас игеруге арналған құрылыс жобалары басты назарда болады.
Келісім аясында "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ қаржысы Bank RBK-ға шартты салым ретінде құйылады. Бұл қаражат құрылыс салушыларға бағытталған несие беруге жұмсалады. Осылайша, ҚТК бөлген қаражат есебінен құрылыс салушылар жылдық 12,6 %-дық жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржыландырылады.
Бұл тетік құрылыс компаниялары үшін пайыздарды төмендетіп, қаржылық ауыртпалықты азайтуға арналған. Нәтижесінде жобалардың тиімділігін арттырып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік туады.
Қаржыландырудың негізгі бағыты – жекелеген тұрғын үйлерді ғана емес, тұтас шағын аудандар мен тұрғын үй кварталдарын салу. Мұндай жобаларда тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандар, сауда орындары және инженерлік желілер де қарастырылады. Яғни тұрғындар үшін өмір сүруге, жұмыс істеуге және демалуға қолайлы орта қалыптастыру көзделген.
Кешенді құрылыс кезінде тұрғын үйлердің орналасуы ғана емес, көлік қатынасы, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық орындар, жасыл желек пен аулаларды абаттандыру мәселелері де ескеріледі. Сонымен қатар барлық жоба тұрғын үй құрылысына қойылатын белгіленген талаптар мен сапа стандарттарына сай болуы керек.
Жаңа қаржыландыру тетігі құрылыс компанияларына қомақты жобаларды жүзеге асыру үшін қолжетімді несие тартуға мүмкіндік береді. Ал екінші деңгейлі банктер Қазақстанның тұрғын үй компаниясы мен серіктестік арқылы құрылыс саласын қаржыландыруға белсенді араласа алады.
Жалпы, бұл бастама құрылыс нарығындағы инвестициялық белсенділікті арттырып, саланың дамуына және сапалы тұрғын үй ұсынысының көбеюіне ықпал етпек.
"Қазақстанның тұрғын үй компаниясы" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. Компания тұрғын үй құрылысын қаржыландырумен және қолдаумен айналысады. Ол 2000 жылы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" атауымен құрылған. 2021 жылы "Бәйтерек девелопмент" АҚ және "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ компанияға қосылғаннан кейін атауы өзгеріп, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы мәртебесін алды.
Қазір ҚТК тұрғын үй саласын қолдаудың бірнеше бағыты бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, үлестік құрылысқа кепілдік береді, тұрғын үй кешендерін салуға қаржы бөледі, әкімдіктердің облигацияларын сатып алу арқылы тұрғын үй алуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларын дамытуға қатысады.
Bank RBK – Қазақстандағы қаржы нарығында орны бар, тұрақты дамып келе жатқан банктердің бірі. Корпоративтік несие портфелінің көлемі бойынша коммерциялық банктер арасында 5-орында, активтерінің көлемі бойынша 7-орында, ал меншікті капиталы бойынша 10-орында.
Банк еліміздің түрлі өңірінде орналасқан 13 филиалы арқылы клиенттерге қызмет көрсетеді. Қазір Bank RBK шамамен 33 мың корпоративтік және 1 миллионға жуық жеке клиентпен жұмыс істейді.
Лицензияны №1.1.821.135, 2026 жылғы 15 шілдеде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.