Көлсайда биыл 15 миллиард теңгелік аспалы жол құрылысы басталады
Көлсайдың төменгі және орта бөліктерін жалғайтын аспалы жолдың құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жобаның құны – 15 миллиард теңге. Ол 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы керек.
Бағыт 6,3 км-ге созылып, 500-ден астам көлікке арналған үлкен тұрақтан басталады. Сатин ауылдық округінің әкімі Нұрым Сағымжан жоба қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне, ешқандай ағаш кесілмейтініне сендірді. Құрылыста қытайлық технологиялар қолданылады.
Аспалы жол жылына 500 000 туристке дейін қамтиды деп жоспарланып отыр.
Көлсай көлдері қазірдің өзінде өте танымал. 2025 жылы 600 000 адам келді, олардың 128 000-ы – шетелдік туристер.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”
