Көлікті тексеріп көрмек болған: Шымкентте ер адамдар сатушының көлігіне мініп қашып кеткен
Шымкенттік ер адам ВАЗ-2114 көлігін сату үшін хабарландыру жариялаған. Хабарландыруға жігіттің бірі жауап беріп, тексеріп көргеннен кейін көлік сатып алуға дайын екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сатып алуға ниетті жігіт досымен бірге келіп, көліктің техникалық жағдайын тексеру үшін рульге отырады. Кенет екі жігіт көлікпен қашып кеткен.
Жәбірленуші Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жүгінді. Қызметкерлер алаяқтардың орналасқан жерін анықтап, оларды ұстады. Олар Түркістан облысының 21 жастағы тұрғындары болып шықты.
Қазір полицейлер ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"