Көлгінов атаулы әлеуметтік көмекті алып тастайық деген депутаттар ұсынысына пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов депутаттардың атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау ұсынысына өз ойын айтты. Ол мұны министрлікпен бірлесе талқыламақ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысының орынбасары депутаттар ұсыныс жолдағанын жоққа шығармады. Бірақ нақты алып тастау туралы шешім әлі шыққан жоқ деп отыр.
"Қазір мұндай шешім жоқ. Депутаттар ұсыныс жасады және бұл министрлікпен бірлесіп талқыланатын болады. Біздің мақсатымыз - шынымен мұқтаж адамдарға қолдау көрсету. Ал жұмыс істей алатындарға керісінше еңбек жағдайларын жасауымыз керек. Бұл жағдайда біз бюджетке түсетін жүктемені азайтамыз", - деді ол.
Сонымен қатар Алтай Көлгінов атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар тізімін қысқартуды әзірге қарастырмайтынына да тоқталды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халық партиясының депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастауды ұсынған еді.
Талқылау
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді
Әйел бұған дейін тағы бір АҚШ азаматымен отбасын құрғаны және оған да физикалық күш қолданғаны жөнінде дерек бар
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
