Көкшетауда балалар ауруханасында жанжал шығарған ата-анаға айыппұл салынды
Көкшетауда балалар ауруханасында жанжал шығарған ата-ана сот алдына келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
18 қаңтарда Ақмола облысында ауруханаға жеткізілген 3 жастағы баланың ата-анасы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған еді. Дәрігерлер үш жасар баланың анасы мен әкесіне қатты ашуланды.
Баланың анасы травматологты балағаттап, үстеліндегі заттарды лақтырып жіберген. Әкесі анестезиологқа балағат сөздер айтып, жағасынан жұлқылаған. Оқиғадан кейін ер адам қамауға алынды. Сотта екеуі өз кінәсін мойындады.
Үш жасар баланың анасына 30 АЕК, яғни 118 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал әкесі екі тәулікке қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында ауруханаға жеткізілген 3 жастағы баланың ата-анасы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған еді. Оқыс жағдай сенбі күні медицина мекемесінің жансақтау бөлімінде болған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"