Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің күйеуі жазадан сытылып кетті

Көкшетауда жалғызбасты ананы көлікпен қағып өлтірген жол талғамайтын көліктің иесі рақымшылыққа ілініп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, көлік иесіне қатысты қылмыстық іс рақымшылық жасау туралы актінің қолданылуына байланысты тоқтатылған.
Оқыңыз“Көлік иесіне қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, Қылмыстық кодекстің 349-бабының 3-бөлігі (Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына (Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар) сәйкес, рақымшылық жасау туралы актінің қолданылуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды”, – деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда тұрғын үйдің автотұрағына кіреберіс жерде әйелді көлік қағып, оқиға орнында көз жұмған еді. Ақмола облысы полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр деп хабарлады полиция.
Кейін жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйел 2,5 жылға сотталды. Алайда екі кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот оның жазасын өтеуді үш жылға кейінге шегерді. Сол кезде әйелге көлікті басқаруға берген күйеуі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылған еді.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді