Көбісі балалар: Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артты
Елімізде қызылша ауруын жұқтыру деректері өсті. Бүгінде қызылша жұқтырғандар саны 3 мыңнан асады. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: ашық дереккөз
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен.
Сырқаттанғандардың дені – балалар. Олар қызылшаға қарсы жоспарлы екпе салдырмаған.
“Бүлдіршіндердің қызылшамен ауырған науқастар арасындағы үлесі 72% болса, оның 60%-ының ата-аналары вакцинациядан бас тартқан. 20%-ының егуге медициналық қарсы көрсетілімі болған, қалған 20%-ы егу жасына жетпегендіктен алмаған”, - деп атап өтті вице-министр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады