Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көбейтұз көліне ерекше мәртебе берілетін болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне ерекше мәртебе беруді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Блок-бекеттер мәселені шеше алмайды. Егер кедергілер болса, онда әрқашан оны өткісі келетіндер табылады. Сондықтан бұл жерде мәселені екі жолмен шешу керек - экологиялық білім және айыппұлдардың өсуі", - деді Мырзағалиев.

Көлге ерекше мәртебе беріп, мемлекеттің қарауына алу қажет екенін тілге тиек етті ол. Министр Көбейтұз жеке тұлғаның қарамағына берілмейтінін айтты. 

"Бұл көлдің бірегейлігін ескере отырып, оған тиісті шектеу режиміне ие болу үшін оған ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін беру керек деп санаймыз. Бұл туристердің жағдайын жасап, санитарлық гигиена талаптарын сақтау үшін қолайлы", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алып, сатқандар жауапкершілікке тартылады. Көл кәсіпкерлерге жалға берілмейтін болды. 

Талқылау