Көбейтұз көлі кәсіпкерлерге жалға берілмейтін болды
Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлі 49 жылға рекреациялық мақсатта кәсіпкерлерге жалға берілмейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті.
"Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы рекреациялық мақсатта жалға беру бойынша конкурс тізіміндегі су объектілері арасынан Көбейтұз көлін алып тастады", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін 49 жылға жалға берілетіні айтылған еді.
Соңғы кездері Көбейтұз көліне қатысты даулы мәселелер көбейіп кетті. Мәселен, бұған дейін кейбір алаяқ тұрғындар көлдің тұзымен коронавирусты емдеуге болады деп сатқан.
Аталмыш көл жайлы мемлекет басшысы да пікір білдірді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”