Кенесары ханның Құраны елге қайтарылды
Түркістандағы ұлттық құрылтайдың екінші отырысында атақты Марал Ишан Кенесары ханға сыйға тартқан Құран данасы елге қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасына берілетінін атап өтті.
Бүгін Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мүфтиятқа барып, Кенесары ханның Құранын тапсырды.
Мемлекеттік кеңесші Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толық зерттеп, оның Кенесары ханға тиесілі екенін бірауыздан анықтағанын атап өтті.
Салтанатты рәсімге қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ұлттық құрылтай мүшелері мен діни қызметкерлер қатысты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр