Қызылордалық кәсіпкерлер Түркияға көмек ретінде киіз үйлер жібермек
Қызылордалық кәсіпкерлер Мұрат және Марат Сәрсенбаевтар зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде Түркияға киіз үй салып жіберетіндерін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qyzylorda News Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Абай-Дәулет" ЖШС-нің басшылары түрік бауырларға өз аттарынан киіз үйлер жөнелтуді шешкен. Сөздерінше, оның іші барлық жасауымен жабдықталған. Жылыту құрылғылары да бар екен.
“Қазіргі таңда Астана қаласына тапсырыс беріп жатырмын. Сенбі күні елордадан жүк көлігі шығады, біз өз қараша үйімізді сол көлікке тиеп жіберсек деген ойдамыз. Егер Қызылорда облысынан тағы да киіз үйлер жіберілетін болса, осы жақтан да жіберуге болады. Алайда әзірге ешкім ұйымдастырып жатқан жоқ сияқты", - деді Марат Сәрсенбаев.
Кәсіпкер мемлекеттің атынан баратын дүние болғандықтан, киіз үйдің барлық талапқа сай болу қажет екенін алға тартты.
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды