Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы бала өлі күйінде табылды

Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі күн бойы Альтаир Бақытты полиция, Ұлттық ұлан, ТЖМ және еріктілер іздеген.  Баланың денесі 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан табылды деп хабарланды.

"Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын", - деп түсініктеме берді Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

Еске салсақ, Қызылордада жоғалған алты жасар балаға іздеу жарияланды. Бүлдіршін 27 сәуірде үйінен ойнауға шығып, қайтып оралмаған. Ата-анасы полицияға тек 9 сағаттан кейін жүгінген.

Талқылау